jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Жайық өзенінде мұз ойылып, астына көлік түсіп кетті: бір адам қайтыс болды (фото)

    Өзендегі мұз
    Өзендегі мұз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін, 28 қаңтар күні сағат Атырау қаласындағы Жайық өзенінде мұз ойылып, көлік астына түсіп кетті. Бұл туралы қала әкімдігі Instagram парақшасында хабарлады.

    Ведомство ақпаратынша, бүгін сағат 13:08 шамасында Курилкино ауылы тұсында Жайық өзенінде мұз ойылып, көлік суға түсіп кеткен.

    Аталған жерге су құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техникасы жеткізілді.

    Оқиға орнында 1992 жылы туған жүргізуші көз жұмып, 2006 жылы туған жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.

    "Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерден мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, арнайы белгі қойылған, рұқсат етілмеген жерлерден өтпеу қажеттігін ескертеді", - делінген хабарда.

    Жайық өзенінде мұз ойылып, астына көлік түсіп кетті: бір адам қайтыс болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.