jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Еліміздегі су тасқыны: 6 мыңға жуық үй су астында қалған

    Қайық су бетімен жүзіп барады
    Петропавлдағы су тасқыны. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 732 жеке тұрғын үй, 1 579 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалды. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

    "Жалпы зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 3290 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді", - деді Ерасыл Сайпаш.

    Ақмола облысында Есіл, Жабай өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жарқайың ауданының Гастелло ауылында, Жақсы ауданының Ишимское ауылында, Сандықтау ауданының Каменка ауылында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Соколовка, Большая Малышка, Кустовое, Вагулина, Красноярка, Пресновка ауылдарында 50 жеке тұрғын үй су астында қалды. 600-ге жуық адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды.

    "Су басу қаупіне байланысты қазіргі уақытта Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс ауылында эвакуациялау жүргізілуде", - деді ТЖМ өкілі.

    Соңғы мәлімет бойынша су тасқыны басталғалы бері барлығы 113 867 адам, оның ішінде 39 943 бала құтқарылып, эвакуацияланды.

    "6 704 адам, оның ішінде 3 052 бала эвакуациялау пункттерінде. Осы сағатта 15 125 адам өз үйлеріне оралды. 112 539 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды.

    Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 732 жеке тұрғын үй, 1 579 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалды", - деді спикер.

    Еліміздегі су тасқыны: 6 мыңға жуық үй су астында қалған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.