jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы орталығында құбыр жарылды

    Оқиға орны
    Алматыда құбыр жарылды. Видеодан кадр: t.me/kris_p_alm

    Алматыда Сәтбаев пен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысында құбыр жарылды. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Алматы әкімдігі оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Кадрлар Telegram-дағы kris_p_almaty арнасында жарияланған. Автордың айтуынша, көше қиылысында құбыр жарылып, асфальт опырылған. Осыған байланысты Сәтбаев көшесі 2 бағыт бойынша жабылған.

    Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне 4 мамырда Байтұрсынов көшесінің шығысындағы Сәтбаев көшесінің бойында болған ақау қалпына келтірілгенін, "Алматы жылу желілері" ЖШС апаттық бригадасы зақымданған жерлерді жөндеуге кіріскенін хабарлады.

    "Масаншы – Сәтбаев – Марков – Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы 1988 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және диаметрі 500 мм құбырдың зақымдануын жою үшін ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Бұл тасжолды жөндеу 2025 жылға жоспарланған еді, биыл қайта жөндеу жобасы сараптамадан өтіп, қарастырылады", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

    Аталған қала аумағында түн ортасына дейін ыстық су беруді қалпына келтіру жоспарланды, деді ведомство өкілдері.

    Алматы орталығында құбыр жарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.