jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау қаласының маңындағы бөгет бұзылды

    Атыраудағы жасанды бөгет
    Жайық жағасындағы жасанды бөгет. Фото: primeminister.kz

    Бүгін, 24 мамырда судың көптігі мен қатты желдің салдарынан Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлайды.

    "Соколок" каналы — Атырау қаласына бағытталған үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі.

    Осыған байланысты, канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша, қаланы тасқын сулардан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны салынғанын атап өткеніміз жөн. Екінші қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында, қосымша нығайту жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

    Бөгеттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылды.

    Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

    Жедел штаб қазіргі уақытта жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті шешімдер алу үшін қосымша техникалар жіберілгенін мәлім етті.

    Атырау қаласының маңындағы бөгет бұзылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.