jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Толассыз жауған жаңбырдан кейін Астана мен Шымкент көшелерін су басты (видео)

    Су басқан Астана көшелері
    Су басқан Астана көшелері. Видеодан кадр: t.me/astanovka98

    Бүгін Астана мен Шымкентте қатты жаңбыр жауды. Оңтүстік мегаполисте кей тұрғындардың үйне су кірді. Көшелердегі судың көптігінен жол қозғалысы да қиындаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін толассыз жауған жаңбырдан кейін Астана көшелерін су басты. Сауда орталықтарының бірінің маңындағы жағдайды астаналықтар видеоға түсіріп алған. Кадрлар Telegram-дағы Astanovka98 арнасында жарияланды. Судың көптігінен көлік нөмірлері көрінбейді.

    Бүгін Шымкентте де ауа райы нашарлады. Otyrar басылымының жазуынша, қалада алдымен дауыл басталған. Кейін толассыз жаңбыр жауған. Мегаполисте Бекжан көшесінің бойындағы туннельді су басқан.

    Сонымен қатар жаңбыр салдарынан Шымкентте бірнеше үйге су кірген.

    "Зақымданған үйлердің тұрғындары жаңбыр салдарынан үйдің шатыры мен қабырғаларынан су өткен. Кей пәтерлерде су бірнеше сантиметрге жетіп, жиһаздар мен жеке заттарға зақым келген", - деп жазылған Otyrar баслымында.

    Толассыз жауған жаңбырдан кейін Астана мен Шымкент көшелерін су басты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.