jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Кептеліс пен жалаңаяқ жүрген тұрғындар: Астанада жаңбырдан кейін даңғылдардың бірін су басып қалды (видео)

    Жаңбырдан кейінгі Астана
    Жаңбырдан кейінгі Астана. Видеодан кадр: t.me/astanovka98

    Астанада жаңбырдан кейін көшелерді қайтадан су басып, кейбір аудандарда көлік кептелісі пайда болды. Елорда тұрғындары әлеуметтік желіде су басқан даңғылдардан түсірілген видеолар мен фотосуреттерін жариялап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы "Astanovka 98" арнасының жазылушылары Тұран даңғылында түсірілген бірнеше видео жіберген.

    Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

    Әсіресе, Тұран мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында қолғалыс қиындаған.

    Кадрлардан көлік дөңгелектерінің жартысы судан көрінбей тұрғанын байқауға болады.

    Толассыз жаңбырдан соң көпьеген көшелерде кептеліс болған.

    Жаяу жүргіншілер жолынан өткен тұрғындар аяқ киімдерін шешіп, жалаң аяқ жолдан өтуге мәжбүр болған.

    "Көліктер жүзіп жүр," - деп жазады астаналықтар.

    Gismeteo мәліметінше, ертең Астанада күн тағы да бұлтты болып, жаңбыр жауады деп күтіледі.

    Кептеліс пен жалаңаяқ жүрген тұрғындар: Астанада жаңбырдан кейін даңғылдардың бірін су басып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.