jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды зауытындағы апат: зардап шеккендер ауруханаға неге жедел жәрдем көлігімен жеткізілмеген

    Жедел жәрдем көліктері
    Жедел жәрдем көліктері. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында жарақат алған жұмысшылардың ауруханаға неге жедел жәрдем көлігімен жеткізілмегенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Үкімет отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында журналистер күйік шалған ферроқорытпа зауытының қызметкерлері ауруханаға неліктен жедел жәрдем көлігімен жеткізілмегенін сұрады.

    "Әлеуметтік желіде ферроқорытпа зауытынан видеолар тарады. Видеодан олардың жедел жәрдем көлігімен емес, басқа транспорт түрімен алып бара жатқанын көруге болады. Жәдел-жәрдем көліктері қайда болды?", - деп сұрады БАҚ өкілі.

    Бұған жауап берген Әлназарова зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілгенін айтты.

    "Үлкен трагедия болды, зардап шеккендер бар. Қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қысқа уақытта травмотология орталығы директорының басқаруымен бригада ұйымдастырылды. Біз тарапымыздан науқасты уақытында жеткізу бойынша анализ жасайтын боламыз", - деді ол.

    Журналистер "күйік кезінде таза емес көлікте жараға инфекция түспей ме?" деп нақтылады.

    "Медициналық жедел жәрдем келгенде бірінші терапия жасалатын еді. Бірақ олар жедел жәрдем көлігін күтпеген. Бұл форс-мажор жағдай, осы себептен осы көлікпен жеткізуге шешім қабылданған. Науқас жеткізілген медициналық орталық қолдан келгеннің бәрін жасады. Бірақ науқастардың жағдайы өте ауыр болды. Өндірістен ауыр жарақат алған", - деді ол.

    Қарағанды зауытындағы апат: зардап шеккендер ауруханаға неге жедел жәрдем көлігімен жеткізілмеген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.