jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда жүк көлігі жылу трассасын бұзып, тұрғындар жылусыз қалды (видео)

    Жүк көлігі жылу трассасын бұзды
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/sergey.tereshcenko

    Қарағандыда КамАЗ жылу трассасын бұзды, сол себепті қаладағы жеке үйлерге жылу беру тоқтатылды. Оқиға орнында коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Желіде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды. Жазба авторының айтуынша, Қарағандыдағы Шәкіров көшесінде жүк тиеген КамАЗ жылу трассасын бұзған.

    Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, мамандар ескі құбырды жаңасына ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    "Бүгін Шәкіров көшесіндегі жеке секторда өзі басқарған көлік транспортының өлшемдерін есептемеген жүк көлігі салдарынан жылу порталы бұзылып, жеке тұрғын үйлерге жылу беру жартылай тоқтатылды.

    Қазір аудан әкімдігі мен "Жылутранзит" ЖШС өкілдері жұмыс орнында, жүйе қатып қалмас үшін суды ағызып жатыр, сонымен қатар ескі құбырды бұзып, жаңасын орнатуға кірісті", - делінген жергілікті әкімдіктің хабарламасында.

    Қарағандыда жүк көлігі жылу трассасын бұзып, тұрғындар жылусыз қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.