jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты үндеу жасады

    Боран кезінде жүріп келе жатқан адам
    Боран. Көрнекі фото: Getty images / Zabavna

    "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 12 желтоқсанда Астанада оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Осыған байланысты құтқарушылар қала әкімдігінің ресми сайтында тұрғындарға үндеу жасады.

    Ауа райының нашарлауына байланысты қатты жел кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Астана ТЖД мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

    • жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеу керек (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
    • балаларды бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау;
    • егер қатты жел көшеде болсаңыз, жерасты өткелдерінде немесе дүкендерде паналауды ұсынамыз;
    • қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын жерде жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа да материалдар құлауы мүмкін;
    • ешбір жағдайда қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың, ағаштардың астында жасырынуға тырыспаңыз;
    • электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
    • көлікті шіріген және ескі ағаштардың жанына қалдырмаңыз.

    Құтқарушылар өзін қалай ұстау керек екенін де айтты:

    • үнемі қозғалу керек, бір жерде тұруға болмайды, әсіресе қарға немесе суық заттарға отырмау керек, әсіресе металл мен бетон тіптен қауіпті;
    • аяз кезінде аш қарын жүрмеңіз, тамақ ішуге уақыт бөліңіз. Ыстық сусындар құйылған термос алып жүріңіз;
    • жаман әдеттер туралы ұмытыңыз, алкоголь ішпеңіз;
    • қалың табаны бар аяқ киімді таңдаңыз;
    • аяқ-қолдар мен дененің ашық жерлерін жабыңыз;
    • жылы қалың киім киіп жүріңіз.

    Төтенше жағдай туындаған кезде "101" және "112" нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

    Астанада құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.