jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Өскеменде Жаңа жыл түні 7 адам өрттен құтқарылды

    Өрт сөндірушілер оқиға орнында
    Өрт сөндірушілер оқиға орнында. Фото: Telegram/ҚР ТЖМ

    Өткен түні Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер оқыс оқиғадан жеті адамды құтқарды, деп ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын құтқарылып, эвакуацияланды. ТЖМ-ның Telegram арнасындағы ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде көпқабатты тұрғын үйде орын алған. Белгілі болғандай жетінші қабатта орналасқан пәтердің балконы жанған.

    Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 7 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Құтқарушылар өртті жедел түрде 4 шаршы метр алаңда сөндірді.

    Зардап шеккендер жоқ.

    ТЖМ өкілдері азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.

    Өскеменде Жаңа жыл түні 7 адам өрттен құтқарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.