jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында мешіт өртенді (видео)

    Қарағанды облысы Томар ауылында өртенген мешіт
    Өртенген мешіт. Фото: Қарағанды ТЖД

    Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Томар ауылында мешіт өртенді. Өрт кешке, мешітте ешкім болмаған уақытта шыққан. Ауылдан 130 км жерде орналасқан өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары жетем дегенше, ғимарат шатыры толық дерлік өртеніп кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Instagram әлеуметтік желісіндегі 1karagandy.kz парақшасында өрт дүйсенбі күні кешке, ғимаратта ешкім болмаған уақытта шыққаны жазылған. Мешітті от бірден шарпып, қою түтін алысқа тараған.

    Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келем дегенше өртті өз күшімен сөндіруге тырысқан, бірақ күші жетпеген.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне хабарласып, Томар ауылындағы өрт туралы мәлімет алды.

    "6 қаңтарда Қарқаралы ауданындағы Томар ауылында ауданы 165 шаршы метрлік бір қабатты мешіттің ағаштан жасалған шатыры, есік-терезесі өртенді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Өрт себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

    Томар ауылында өртенген мешіт
    Өртенген мешіт. Фото: Қарағанды ТЖД

    Айта кетейік, Алматы қаласында 8 қаңтарға қараған түні гүл сататын дүкен өртенді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

    Қарағанды облысында мешіт өртенді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.