jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    АҚШ-та ұшу-қону жолағында ұшақтың қозғалтқышынан түтін шықты: жолаушылар шұғыл эвакуацияланды (видео)

    Ұшақ
    Ұшақ. Фото: x.com/rawsalerts

    Ұшақтың 200-ден астам жолаушысы кеменің қозғалтқышында ақау болғаннан кейін АҚШ-тағы әуежайдың қарлы ұшу-қону жолағына шұғыл түрде эвакуацияланды. Бұл туралы CNN-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жұма күні таңертең Хартсфилд-Джексон Атланта халықаралық әуежайында Delta Airlines ұшағына қатысты оқиғаға болды. Миннеаполиске ұшатын ұшақ қозғалтқыш ақауларына байланысты ұшуды тоқтатуға мәжбүр болды.

    Бортта 200-ден астам адам болған. Экипаж қар басқан ұшу-қону жолағына үрлемелі сырғанақ арқылы жолаушыларды шұғыл эвакуациялауды ұйғарды.

    "Ұшу кезінде бірдеңе дұрыс болмады және қозғалтқыш өртеніп кетті. Жолаушыларды шұғыл түрде эвакуациялау керек болды", - деді жолаушы Кертис Джеймс.

    Жолаушы Эллисон Уэйд эвакуация процесін видеоға түсірген.

    "Ол жерден әлі түтін шығып жатыр", - дейді Уэйд ұшу-қону жолағында тұрған Delta ұшағын көрсетіп.

    Әуе компания мен әуежай өкілдері қозғалтқыштағы ақау өрттен туындады ма деген сауалға әлі жауап берген жоқ.

    Төрт жолаушының жеңіл жарақат алғаны хабарланды. Біреуі ауруханаға жеткізілсе, қалғандарына сол жерде медициналық көмек көрсетілді.

    АҚШ-та ұшу-қону жолағында ұшақтың қозғалтқышынан түтін шықты: жолаушылар шұғыл эвакуацияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.