Жамбыл облысындағы сауда орталықтарының бірінде келушілер эвакуацияланды (видео)
Жарияланған күні:

Жамбыл облысындағы сауда орталықтарының бірінде жарылғыш зат қойылған болуы мүмкін деген хабарлама келіп түсті. Орталықтағы адамдар эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"2025 жылғы 15 ақпанда "102" пультіне сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жамбыл облысы полиция департаменті, ҰҚК және ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ арнайы жедел әрекет ету жасағы, жедел-тергеу тобы және кинологтар орталық ғимаратына жедел тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.
Ғимараттан сауда дүкендерінің иелері мен орталыққа келушілер бар 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жамбыл облысы полиция департаменті тұрғындардан мән-жай анықталғанша өзге ақпараттарға сенбеуге, сабыр сақтауға шақырады. Сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат үшін ҚР ҚК-нің 273-бабымен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2221074-zhambyl-oblysyndagy-sauda-ortalyqtarynyng-birinde-kelushiler-evakuatsiialanyp-zhatyr-video/