RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Ақтөбе облысында Жем көпірі маңындағы айналма жолды су басты (видео)

Жарияланған күні:

Су тасқыны
Су басқан жер. Видеодан кадр: Telegram/ҚазАвтоЖол

Ақтөбе облысына қарасты "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" республикалық автожолының 92-шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолды су басты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАвтоЖол компаниясының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Компания мәліметінше, 2025 жылғы 18 наурыз таңғы 07:00 шамасында "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді. Тасыған судың тереңдігі 50 см болды.

"Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды. Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2228930-aqtobe-oblysynda-zhem-kopiri-mangyndagy-ainalma-zholdy-su-basty-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif