jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда Көк-Төбе маңындағы екі қабатты үй өртке оранды (видео)

    Көк-Төбе маңында үй өртенді
    Көк-Төбе маңында үй өртенді. Кадр: NUR.KZ

    Алматыда Медеу ауданында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртке оранды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-каналында хабарланғандай, құтқарушылар Алматыда Медеу ауданында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіру үшін барын салып жатыр.

    "Өрт оқпандары енгізілді, өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылды, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді", - делінген министрлік хабарламасында.

    Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көршілес құрылыстарға таралу қаупі жойылды.

    Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспеген.

    Алматыда Көк-Төбе маңындағы екі қабатты үй өртке оранды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.