jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Түнде Таразда, Шуда және бірқатар ауылда 4-5 балдық жер сілкінісі болды

    Жер сілкінісі. Фото
    Жер сілкінісі. Фото: Petrovich9/Getty Images

    28 наурыз, жұмаға қараған түні Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз, Шу қалаларында және бірқатар ауыл мен қалада жерасты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-каналында хабарланғандай, жер сілкінісі сағат 03:42-де тіркелген.

    Жер сілкінісінің ошағы Қазақстанда, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 километр қашықтықта орналасқан.

    Жер сілкінісінің күші (баллмен есептегенде):

    • Меркі ауылы - 5.0 балл;
    • Құлан ауылы - 4.0 балл;
    • Шу - 2.0 балл;
    • Төле Би ауылы - 2.0 балл;
    • Сарыкемер ауылы - 2.0 балл;
    • Тараз - 2.0 балл;
    • Қордай ауылы - 2.0 балл;
    • Аса ауылы - 2.0 балл;
    • Мойынқұм ауылы - 2.0 балл.

    Қаза тапқандар мен ғимараттардың қирауы туралы мәлімет жоқ, деп қосты Төтенше жағдайлар министрлігі.

    Осы орайда ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі он қарапайым қадамды назарға ұсынды:

    1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
    2. Жер сілкінгенде лифтті, баспалдақты қолданбаңыз;
    3. Жиhазға, терезеге жақын тұрмаңыз;
    4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
    5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
    6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндік болса, өшіріңіз;
    7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
    8. Электр желілерден, ғимараттан, ағаштардан аулақ болыңыз;
    9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
    10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
    Түнде Таразда, Шуда және бірқатар ауылда 4-5 балдық жер сілкінісі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.