RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Оңтүстік Қазақстандағы 5 балдық жер сілкінісі видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жер сілкінген сәт
Жер сілкінген сәт. Кадр: instagram / merki.life

Жамбыл облысындағы Меркі ауылының тұрғындары түнде болған жер сілкінісінен кадрларды әлеуметтік желіде таратып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін сағат 03:42-де Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді.

Жер сілкінісі Меркі мен Құлан ауылдарының тұрғындарына қатты сезілді; біріншісінде жер сілкінісінің күші 5 балл, екіншісінде 4 балл болды.

Instagram желісіндегі merki.life парақшасында жер асты дүмпуінің сәті мен оның салдары түсірілген жергілікті тұрғындардың видеолары жарияланған.

Жер асты дүмпулері Меркі мен Құланнан бөлек Таразда, Шу, Төле би, Сарыкемер, Қордай, Аса, Мойынқұм ауылдарына да сезілді.

Еске салсақ, бұған дейін 28 наурыз, жұмаға қараған түні Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз, Шу қалаларында және бірқатар ауыл мен қалада жерасты дүмпулері тіркелгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2231151-ongtustik-qazaqstandagy-5-0-balldyq-zher-silkinisi-videoga-tusip-qaldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif