Жер сілкінісінен кейін Жамбыл облысындағы кей ғимараттардың қабырғасында жарық пайда болған
Жарияланған күні:

Жамбыл облысында жер сілкінісінен кейін кей ғимараттардың қабырғасы жарылған. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың 28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандары мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.
Жер дүмпуі Меркі ауданындағы Меркі ауылында 5 балл шамасында сезілді. Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 балл болды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
"Алдын ала мәлімет бойынша Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарық пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жағдаймен танысу үшін Рысқұлов және Меркі аудандарына барды.
Еске салсақ, бұған дейін 28 наурыз, жұмаға қараған түні Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз, Шу қалаларында және бірқатар ауыл мен қалада жерасты дүмпулері тіркелгенін жазған едік.
Меркі ауылының тұрғындары түнде болған жер сілкінісінен кадрларды әлеуметтік желіде жариялады.
Кейін Төтенше жағдай министрлігі командалық орталығының базасында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2231172-zher-silkinisinen-keiin-zhambyl-oblysyndagy-kei-gimarattardyng-qabyrgasynda-zharyq-paida-bolgan/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде