jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді

    Сейсмограф
    Сейсмограф. Көрнекі фото: Furchin/Getty Images

    Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта жер сілкінісін тіркеген.

    Жер сілкінісі Жамбыл облысында сезілген.

    "Есептік қарқындылығы нақтыланып жатыр. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда 03:42-де Жамбыл облысында жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 км жерде орналасқан. 

    Жер сілкінісі Тараз, Шу қаласы мен бірақтар ауданда сезілген. Әсіресе Меркі (күші 5 балл), Құлан аудандарында (4 балл) қатты сезілген.

    Кейін тұрғындар түнде болған жер сілкінісінің видеоларын бөлісті.

    Қазақстан Төтенше жағдай министрлігі командалық орталығының базасында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды.

    Сондай-ақ жер сілкінісінен кейін өңірде қабырғасында жарық пайда болған ғимараттардың саны артқан.

    Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.