"Рельс үстінде тоқтап қалған": Өскеменде автобус бен пойыз соқтығыса жаздады
Жарияланған күні:

Өскеменде полицейлер мен тұрғындар теміржолдағы апаттың алдын алды, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ-ның Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Өскеменде полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар теміржолда болған төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етіп, пойыз бен автобустың соқтығысуына жол бермеген.
"Патрульдік полицейлер Тимур Абдрахманов пен Раджан Базарбекұлы дереу көмекке ұмтылып, қала тұрғындарымен бірге рельс үстінде тоқтап қалған автобусты итеріп шығарды.
Олардың жылдам әрекетінің арқасында ауыр зардаптың алдын алуға мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Астана-Қарағанды учаскесінде жеке жолаушылар пойызында өрт шыққанын хабарлаған едік. Пойыз Қостанай - Алматы бағыты бойынша жүріп бара жатқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2232009-avtobus-rels-ustinde-toqtap-qalgan-oskemende-politseiler-men-turgyndar-temirzholdagy-apattyng-aldyn-aldy-video/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.