"Қыстырылып қалған": Ұлытау облысында құтқарушылар оғаш жағдайға тап болған әйелге көмектесті (видео)
Жарияланған күні:

Ұлытау облысында кұтқарушылар әткеншек тебемін деп қиын жағдайға тап болған 27 жастағы әйелге көмек көрсетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында ерекше жағдай болды - 1998 жылғы әйел балаларға арналған әткеншекке қыстырылып, шыға алмай қалды.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы "Холматро" құралының көмегімен әйелді босатты. Құтқарушылардың кәсібилігінің арқасында ол зардап шеккен жоқ", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Министрлік төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет екенін ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2232567-qystyrylyp-qalgan-ulytau-oblysynda-qutqarushylar-ogash-zhagdaiga-tap-bolgan-aielge-komektesti-video/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде