jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Маңғыстау облысында мектептің төбесі опырылып түсті (видео)

    мектептің іші
    Мектептің іші. Видеодан кадр: instagram.com/112_aktau

    Маңғыстау облысы Құрық ауылындағы мектеп-гимназия ғимаратының акт залының төбесі опырылып түсті. Оқиға бейнекамераға түсіп қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы 23 шілдеде таңғы сағат 6:30 шамасында Қарақия ауданындағы Құрық ауылында орналасқан жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының акт залының төбесі опырылып түскен.

    "Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Акт залының опырылған төбесі шамамен 250 шаршы метр аумақты алып жатыр", - дейді әкімдіктегілер.

    Қазір оқиға орнына арнайы сарапшылар шақырылып, қажетті тексерулер мен сараптамалар жүргізіліп жатыр.

    Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мектеп 2009 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген. Мектеп ғимараты 1200 оқушыға шақталған.

    "Осы жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды. Толық бағалау және алдағы жөндеу жұмыстарының нәтижелері туралы толық ақпарат кейінірек хабарланады", - деді ведомство өкілдері.

    Маңғыстау облысында мектептің төбесі опырылып түсті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.