jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті

    тікұшақ
    Тікұшақ. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Әлеуметтік желіде Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағының жоғалып кеткені туралы ақпарат жарияланды. Хабарламада бортта үш экипаж мүшесі болғаны айтылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы облысында 2025 жылғы 25 шілдеде Луговойдан ұшып шыққаннан кейін жоғалып кеткен ЕС-145 әскери тікұшағын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бортта үш экипаж мүшесі болған. Олармен байланыс таңертең Отар маңында үзіліп қалған. Іздестіру-құтқару операциясына ТЖД, Қорғаныс министрлігінің күштері, РЖҚЖ (Республикалық жедел-құтқару жасағы) жұмылдырылған. Екі тікұшақ жіберілген", - делінген Telegram-дағы арналардың бірінде жарияланған хабарламада.

    Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға әскери тікұшақтың жоғалып кеткені туралы ақпаратты растаған.

    Басылымның жазуынша, оны іздеуге Қорғаныс министрлігінің қосымша ұшақтары жіберілген.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері кейінірек ресми ақпарат беретіндерін айтқан.

    Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.