jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті: ТЖ және Қорғаныс министрліктері мәлімдеме жасады

    Әскери тікұшақ
    Әскери тікұшақ. Иллюстрациялық фото: : gov.kz

    EC-145 тікұшағының радардан жоғалып кетуіне байланысты Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктері мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті.

    Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД күштері және құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды.

    Қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша берілетін болады", - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

    ТЖМ-ның мәліметінше, 25 шілдеде Алматы облыстық ТЖД-ның кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазавиақұтқарудың" екі тікұшағы жіберілген.

    "Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.

    Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағының жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді.

    Әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті: ТЖ және Қорғаныс министрліктері мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.