jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлытау облысындағы теміржолда төтенше жағдай болды: бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алды

    теміржол
    Теміржол. Иллюстрациялық фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

    Ұлытау облысында теміржолда төтенше жағдай болды, жолаушылар пойызы жолда тұрған жүк вагонына соқтығыса жаздады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Компанияның мәліметінше, 24 тамызда сағат 21:38-де Қызылжар – Түйемойнақ аралығында (Жарық – Жезқазған учаскесі) №107 Жезқазған-Астана бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі кедергіге 300 метр қалғанда жолдағы жүк вагонын байқап, шұғыл тежеу қолданған.

    Локомотив бригадасының жедел және кәсіби әрекетінің арқасында елеулі зардаптарды болдырмауға мүмкіндік туған, алайда "іліп кету" болған.

    Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ, кейбір жолаушылар қатты тежеу салдарынан жеңіл жарақат алған.

    "Пойыз 23:14-те жүрісін жалғастырды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивтің зақымдануы тіркелген жоқ. Оқиға себептері анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ оқиға орнына басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия аттанып кеткен.

    Ұлытау облысындағы теміржолда төтенше жағдай болды: бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.