jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы әуежайында ер адам өзін өртемек болды

    Әуежай
    Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Алматы әуежайының ішкі терминалында ер адам өзін өртеуге әрекет жасады. Полиция қызметкерлері оны дер кезінде тоқтатты, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға бүгін, 25 тамызда сағат 22:06-да Алматы әуежайының "Т-1" терминалында орын алған. Ер адам белгісіз себептермен кассаның алдында өзін өртеп жіберуге тырысқан. Полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп шұғыл өртті сөндіріп, бірден жедел жәрдем шақырған. Ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді.

    "Аталған дерек бойынша Көлік полициясы департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

    Алматы әуежайында ер адам өзін өртемек болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.