Арасында нәресте бар: Оралда алты адам лифтте қамалып қалды
Опубликовано:
Читать на русском
Оралда көпқабатты үйде алты адам, оның ішінде бір нәресте лифттен шыға алмай қалды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ТЖМ құтқарушылары лифтте қалып қойған бір топ адам мен нәрестені қауіпсіз жерге шығарған.
"Түнде Орал қаласында 112 қызметіне бойжеткен хабарласып, өзінің бір топ адаммен Ақан сері көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бірінде лифтте қалып қойғаны туралы хабарлады.
Шақытру орнына келген жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен есікті ашып, 6 және 7-қабаттың арасында тұрып қалған кабинаның ішінен 5 ересек адам мен 2025 жылғы нәрестені шығарды", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқиға сәтті аяқталып, ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.
"Кез келген төтенше жағдайларға байланысты қиын жағдайға тап болсаңыз, 112 нөміріне хабарласыңыз — көмек әрдайым жақын жерде", - деп еске салды министрлік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2291289-arasynda-nareste-bar-oralda-alty-adam-liftte-qamalyp-qaldy/