jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысында көпқабатты үйде жарылыс болды: бір адам зардап шекті (видео)

    жарылыс салдары
    Жарылыс салдары. Видеодан кадр: t.me/otyrarkz

    Бейсенбі, 30 қазанда Түркістан облысының Отырар ауданында жарылыс болды. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке cілтеме жасап.

    Бұл туралы басылымға QazaqGaz Aimaq АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

    Төтенше жағдай Шәуілдер кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, газ-ауа қоспасының жарылуына газбен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз қосылу себеп болған.

    Бір адам зардап шекті, бірнеше пәтер зақымданған.

    "Желіні тексеру кезінде газ беру уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

    Түркістан облысында көпқабатты үйде жарылыс болды: бір адам зардап шекті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.