jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бес адам зардап шекті: Астанада тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып түсті

    Көпқабатты тұрғын үй
    Көпқабатты тұрғын үй. Көрнекі фото: pexels.com

    Бүгін 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіштен жасалған сыртқы қаптама мен кондиционер қондырғысы құлап, салдарынан бес адам зардап шекті. Оқиға орнына құтқарушылар шықты, деп ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқыс оқиға елорданың Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайында болған.

    Құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың бірінші қабатында орналасқан дүкеннің кіреберісінде 150 шаршы метр аумақта кондиционер мен қаптаманың құлағаны анықталды.

    "Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, қасбеттің одан әрі құлау қаупін жойды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оқиға орнында бөлшектеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

    Бес адам зардап шекті: Астанада тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.