jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда балалар үйі аумағындағы ғимарат өртке оранды (фото)

    Өртке оранған балалар үйі маңындағы ғимарат
    Өртке оранған балалар үйі маңындағы ғимарат. Фото: ТЖМ

    Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Алматыда балалар үйінің аумағында орналасқан асхана өртенгенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алматы қаласының өрт сөндірушілері Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан ғимараттағы өртті сөндіруге кіріскен.

    "Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртке қарсы қызмет жоғары ранг бойынша жұмыс жасауда", - делінген ТЖМ хабарламасында.

    Анықталған ақпарат бойынша өрт балалар үйі ауласындағы асхана ғимаратын шарпыған.

    Әкімшілік мәліметіне сәйкес, ғимаратта адамдар жоқ-тәрбиеленушілер уақтылы эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылды.

    "Жағдай бақылауда: өртті сөндіруге қажет оқпандар енгізілді; судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді. Оқиға орнында қала ТЖД бастығы жұмысты үйлестіріп жатыр", - дейді ТЖМ өкілдері.

    ТЖМ қызметкерлері асхана мен оған жапсарлас салынған үш қабатты ғимарат шатырын шарпыған өртті сөндіру үшін шатырдың жабынын ашып, объектідегі газды жедел түрде жапты.

    "Жедел штаб құрылды. Сондай-ақ өрт орнына қаланың барлық шұғыл қызметі келді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері мешіт ғимаратына орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілген. Оларға Апаттар медицинасы орталығы және ТЖД дәрігерлері мен психологтары қажетті көмек пен қолдау көрсетуде.

    Өртті сөндіру ғимараттың құрылымы күрделі болғандықтан, сондай-ақ шатыр резеңке жабыны бар ағаш фанерден жасалғандықтан қиындай түсті. Өрт оқшауланды", - деп нақтылады ТЖМ өкілдері.

    Алматыда балалар үйі аумағындағы ғимарат өртке оранды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.