jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Балалар үйіндегі өрт: ғимарат үш ай ішінде қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр

    өртенген ғимарат
    Өртенген ғимарат. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

    Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Instagram желісінде Алматыдағы балалар үйі аумағында болған өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Балалар омбудсмені аталған балалар үйінде тұратын балаларға барғанын мәлім етті.

    Қазіргі таңда балалар санаторий ғимаратына орналастырылды.

    "Қазір жалпы 29 бала қалды, өйткені алтауын ата-анасы алып кеткен. Бірер күннің ішінде олар қордың басқа ғимаратына көшіріледі, ол мектепке жақынырақ орналасқан", - деді Зәкиева.

    Сондай-ақ ол өрттен зақымданған ғимаратты үш ай ішінде қалпына келтіру жоспарланып отырғанын айтты.

    "Өрт болған ғимаратты жөндеу жұмыстары үш айдың ішінде аяқталады деп жоспарлануда", - деп жазды омбудсмен.

    Естеріңізге сала кетейік, 9 қараша жексенбіде Алматыдағы балалар үйінің аумағынан өрт шыққанын жазған едік.

    ТЖМ-ның мәліметінше, балалар үйі ауласындағы асхана мен оған жапсарлас салынған үш қабатты ғимараттың шатыры өртке оранған.

    Оқиғаға қатысты Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасап, жағдайды үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылғанын жеткізді.

    Балалар үйіндегі өрт: ғимарат үш ай ішінде қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.