Астанада тұрғын үй қасбетінің құлауы: денсаулық сақтау вице-министрі зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Опубликовано:
Читать на русском
Үкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Астанада ғимараттың қасбеті опырылуы кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Иә. Біздің әріптесіміз – жас фельдшердің жағдайы қазір ауыр. Әріптеміз жансақтау бөлімінде, қиын жағдай, медициналық көмекті толық алып жатыр. Біз, барлық дәрігер, біздің мамандар, емдеу тактикасын келісе отырып шешіп, оған көмек көрсетіп жатырмыз. Оның тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз және қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Жалпы дәрігерлер, әсіресе, алғашқы көмек көрсететін дәрігерлер өз басын қатерге тігіп, жұмыс істейді" - деді Тимур Мұратов.
Оның айтуынша, тағы бір зардап шегуші ауыр халде, ол да жансақтау бөлімінде жатыр.
"Қалған үшеуі палатада, қажетті ем-домын алып жатыр", - деді вице-министр.
Еске сала кетейік, 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіштен жасалған сыртқы қаптама мен кондиционер қондырғысы құлап, салдарынан бес адам зардап шеккен еді.
Кейін белгілі болғандай, оқиға орнында жедел жәрдем фельдшері өте ауыр жарақат алған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз