jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бір адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті: Астанада тұрғын үй кешенінде лифт құлады

    Жеделсаты
    Лифт. Иллюстрациялық фото: Photo by Joel Sharpe / Getty Images

    Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жұмысшылардың үстіне лифт құлап, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы Astanovka98 арнасында елордадағы Мұқан Төлебаев көшесінде орналасқан "Арыстан" тұрғын үй кешенінде жұмысшылардың үстіне лифт құлап, салдарынан бір адам мерт болып, тағы екі адам зардап шеккен туралы ақпарат жарияланды.

    "Арыстан" тұрғын үй кешені тұрғындарының айтуынша, бүгін жөндеу жұмыстары кезінде үш жұмысшының үстіне лифт құлап, салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алған.

    Тұрғындар тұрғын үй кешені пайдалануға берілген күннен-ақ лифтіде ақау байқалғанын айтады. Яғни адамдар ішінде кептеліп қалып, лифт жиі құлайтын жағдайлар кездесетін", - делінген хабарламада.

    NUR.KZ тілшісі бұл жайтқа қатысты елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне, Астана полиция департаменті және қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдады.

    Астана әкімдігі мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Төлебаев көшесінде жөндеу жұмыстары кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан лифт бойынша қызмет көрсететін компанияның бір қызметкері оқиға орнында көз жұмғанын хабарлады.

    Екі қызметкер №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген.

    "Бір пациенттің жағдайы орташа ауыр, екіншісінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Пациенттердің бірі анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде, екіншісі жарақаттар бөлімінде жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", - делінген хабарламада.

    Бір адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті: Астанада тұрғын үй кешенінде лифт құлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.