jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Жарылды, содан кейін жарық сөнді": ТЖД өкілдері желіде алаңдаушылық білдірген алматылықтарға жауап берді

    подстанциядағы өрт
    Подстанциядағы өрт. Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

    Алматының Әуезов ауданындағы трансформатор подстанциясы өртенді. Куәгерлер алдымен жарылыс дыбысын естігенін, артынша электр жарығы сөнгенін айтуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Telegram желісіндегі Qumash арнасы жазды.

    "Алматыда бірдеңе жарылды, содан кейін электр жарығы сөнді. Сайран көлінің маңындағы аудан", - делінген хабарламада.

    Ал Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері жарылыс болғаны туралы ақпарат түспегенін хабарлады. Алайда ведомство Әуезов ауданындағы Өтеген батыр көшесінің бойында орналасқан трансформаторлық подстанцияда өрт шыққанын, өрт сөндірушілер тез арада жөнелтілгенін мәлім етті.

    "Келген кезде 0,2 шаршы метр аумақты алып жатқан трансформаторлық подстанцияда ашық өрт анықталды. Электр желілері компаниясының қызметкерлері нысанды электр желісінен ажыратуда. Өрт сөндірушілер нысанның ерекшелігін ескеріп, барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып жұмыс істеуде", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

    Жақында апат салдарынан Алатау ауданының тұрғындары жарықсыз қалғанын жазған едік.

    "Жарылды, содан кейін жарық сөнді": ТЖД өкілдері желіде алаңдаушылық білдірген алматылықтарға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.