jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматының бірнеше ауданында тағы жарық сөнді

    Жарық
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Трансформаторлық қосалқы станциядағы ақау салдарынан үш ауданның тұрғындары уақытша жарықсыз отырды, сағат 9:13-те тұтынушылар электр желілеріне қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әкімдіктің хабарлауынша, бүгін сағат 08:46-да ПС-7А "АХБК" – ПС-160А "Ерменсай" қосалқы станцияларының учаскесінде 110 кВ №110А және №111А электр беру желілері апатты түрде ажыратылды.

    ПС-59А "Сайран", ПС-102А "АДК", ПС-6А "Геологстрой", ПС-43А "Южная" қосалқы станциялар өшірілді.

    Келесі аудандардағы тұтынушыларға электр қуатын беру ішінара тоқтатылды: Бостандық ауданы (әл-Фараби, Розыбакиев, Жандосов, Жароков көшелерінің арасында жатқан аудан); Әуезов ауданы (Саин, Жандосов, Абай, Розыбакиев көшелерінің аумағы); Алмалы ауданы (Райымбек даңғылы, Тілендиев көшесі, Төле би көшесі, Өтеген батыр көшесі аумағы).

    Трансформаторлық қосалқы станциядағы өрт туралы таралып жатқан ақпарат расталмаған және шындыққа сәйкес келмейді", - деп хабарлады әкімдік.

    Жарықтың сөну себебі – 110 кВ-тық Л-110А электр желісінің соңғы муфтасының жануы.

    Сағат 9:13-те барлық тұтынушы электр желісіне қосылды, деп хабарлады әкімдік өкілдері.

    Бұған дейін Алматының Әуезов ауданындағы трансформаторлық қосалқы станцияда өрт шыққаны хабарланған еді. Куәгерлер алдымен жарылыс дыбысын естігенін, артынша электр жарығы сөнгенін айтқан.

    Алматының бірнеше ауданында тағы жарық сөнді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.