jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Түркістан облысында өрттен көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев: Ақорда

    Мемлекет басшысы Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, үкімет пен облыс әкіміне тапсырма берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

    Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды", - деп жазды Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында.

    Түркістан облыстық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін, 18 қарашада таңертең "101" пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

    Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі келген кезде тұрғын үйдің толықтай өртке оранғаны анықталған.

    Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылған.

    "Көршілердің айтуынша алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

    Қазіргі уақытта оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ тергеу басталып, өрттің шығу себептері анықталуда.

    Тоқаев Түркістан облысында өрттен көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.