jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысында болған өрттен 12 адам көз жұмды, оның тоғызы бала

    Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
    Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға салдарынан 12 адам көз жұмды, оның 9-ы бала, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД "101" пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түсті.

    Өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің толықтай өртке оранғаны анықталды.

    "Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды", - делінген хабарламада.

    Көршілердің айтуынша алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған.

    360 шаршы метр аумақтығы өрт толықтай сөндірілді.

    Түркістан облысында болған өрттен 12 адам көз жұмды, оның тоғызы бала

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.