Түркістан облысында жеке үйдегі өрттен 12 адам қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Опубликовано:
Түркістан облысында 12 адамның өмірін қиған өрттен кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Полицияның мәліметінше, Жетісай ауданында болған өрт фактісі бойынша "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалған.
"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Түркістан облысы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 12 адам көз жұмды. Олардың тоғызы – бала.
Ес-түссіз күйдегі тағы үш адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.
Қайғылы оқиғаға байланысты президенит Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтып, үкімет пен облыс әкіміне тапсырма берді.
Кейінірек балалар омбудсмені Динара Закиева өртке қатысты жаңа деректерді бөлісті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2310171-turkistan-oblysynda-zheke-uidegi-ortten-12-adam-qaza-tapty-qylmystyq-is-qozgaldy/