jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Үйде екі отбасы болған": Түркістан облысындағы өртке қатысты тың мәліметтер белгілі болды

    Өрт сөндіріп жатқан өрт сөндірушілер
    Өрт сөндіріп жатқан ТЖД қызметкерлері. Иллюстрациялық фото: Алматы ТЖД

    Түркістан облысындағы өрт болған үйге аймақтық балалар құқығы жөніндегі уәкіл аттанды, деп хабарлайды балалар омбудсмені Динара Зәкиеваға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram парақшасында үйде екі отбасы болғаны туралы жазды.

    "Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында тоғыз бала өрттен қаза тапты.

    Үйде екі отбасы – ата-аналары мен балалары болған, өрт шығып, шатыр құлаған.

    Аймақтық уәкіл Психологиялық қолдау орталығымен бірге оқиға орнына аттанды.

    Өрттің шығу себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Туыстарына көңіл айтамыз" - деді Динара Зәкиева.

    Айта кетейік, 18 қараша таңертең Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртенгенін хабарлағанбыз. Оқиға салдарынан 12 адам көз жұмды, оның 9-ы бала.

    "Үйде екі отбасы болған": Түркістан облысындағы өртке қатысты тың мәліметтер белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.