Екі ересек және бір бала: Түркістан облысындағы өрттен аман қалғандар туралы не белгілі
Опубликовано:
Түркістан облысында жеке үйдегі өрттен зардап шеккен үш адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды өңірдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, 18 қарашада Жетісай ауданында болған өртке байланысты өңірдің медициналық қызметі зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетуді бастаған.
"Медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілді. Барлығы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізілуде, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында", - делінген хабарламада.
Жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілген. Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілген.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Түркістан облысы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 12 адам көз жұмды. Олардың тоғызы – бала.
Ес-түссіз күйдегі тағы үш адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.
Қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтып, үкімет пен облыс әкіміне тапсырма берді.
Кейінірек балалар омбудсмені Динара Закиева өртке қатысты жаңа деректерді бөлісті.
Полиция өрт фактісі бойынша "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғады, сондай-ақ өрттің себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2310204-eki-eresek-zhane-bir-bala-turkistan-oblysyndagy-ortten-aman-qalgandar-turaly-ne-belgili/