jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысындағы өрт: қаза тапқан балаларға қатысты деректер шықты

    өртенген үй
    Өрттен зақымданған үй. Көрнекі фото: Kyle Mazza/Anadolu via Getty Images

    Жергілікті әкімдік өкілдері Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы өрттен қаза тапқан тоғыз баланың ең кішісі 2024 жылы туған бала екенін хабарлады. Көз жұмған балалардың бесеуі – бір үйдің балалары, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019, 2021 және 2024 жылы туған тоғыз бала қайтыс болды.

    Қайтыс болған бес бала бір үйдің балалары, олардың үшеуі – қыз, екеуі – ұл. Екінші отбасынан 2018 жылы туған бір қыз аман қалды. Екі ересек адам жансақтау бөлімінде жатыр.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Түркістан облысы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 12 адам көз жұмды. Олардың тоғызы – бала.

    Ес-түссіз күйдегі тағы үш адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.

    Қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтып, үкімет пен облыс әкіміне тапсырма берді.

    Кейінірек балалар омбудсмені Динара Закиева өртке қатысты жаңа деректерді бөлісті.

    Полиция өрт фактісі бойынша "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғады, сондай-ақ өрттің себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.

    Ал өрттен зардап шеккен үш адам – екі ересек және бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты.

    Түркістан облысындағы өрт: қаза тапқан балаларға қатысты деректер шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.