Түркістан облысындағы өрт: оқиға орнында түсірілген видео жарияланды
Опубликовано:
Читать на русском
Түркістан облысындағы Алғабас ауылындағы өрт болған жерден видео жарияланды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Кадрдан өрттен зақымданған екі қабатты жеке үйді көруге болады. Терезелеріне металл тор қойылған. Үй блоктармен қоршалған.
Үйдің айналасына "өтуге болмайды" деген жазуы бар ленталар тартылған.
Оқиға орны маңында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Бейнежазбада қоршауға алынған аумақтың сыртында бірнеше полиция қызметкерінің кезекшілік атқарып жатқаны көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қараша таңертең Түркістан облысы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 12 адам көз жұмды. Олардың тоғызы – бала.
Ес-түссіз күйдегі тағы үш адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.
Қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтып, үкімет пен облыс әкіміне тапсырма берді.
Кейінірек балалар омбудсмені Динара Закиева өртке қатысты жаңа деректерді бөлісті.
Полиция өрт фактісі бойынша "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғады, сондай-ақ өрттің себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.
Сондай-ақ өрттен зардап шеккен үш адам – екі ересек және бір бала жансақтау бөлімінде жатқаны, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты екені хабарланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2310389-turkistan-oblysyndagy-ort-oqiga-ornynda-tusirilgen-video-zhariialandy/