jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

    Жер сілкінісі
    Жер сілкінісі. Иллюстрациялық фото: adventtr/Getty Images

    Сәрсенбі, 26 қарашада Жетісу облысында жер асты дүмпулері тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, "Сейсмологиялык зерттеу институтының" сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 26 қараша Астана уақыты бойынша 7 сағат 15 минутта жер сілкінісін тіркеді.

    Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 километр жерде орналасқан.

    ТЖМ ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің сезілу күші Жетісу облысы Сарыөзек ауылында 2 балға жеткен.

    "Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы мәлімет түскен жоқ", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

    Осы орайда ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі он қарапайым қадамды назарға ұсынды:

    1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
    2. Жер сілкінгенде лифті, баспалдақты қолданбаңыз;
    3. Жиhазға, терезеге жақын тұрмаңыз;
    4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
    5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
    6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндік болса, өшіріңіз;
    7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
    8. Электр желілерден, ғимараттан, ағаштардан аулақ болыңыз;
    9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
    10. Қарт адамдарға, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетіңіз.
    Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.