jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

    Алматы тұрғындары
    Алматы тұрғындары. Фото: KAZ.NUR.KZ

    Бүгін, 4 желтоқсанда алматылықтар жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Тұрғындардың телефондарына хабарлама келді.

    ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәліметінше, Астана уақытымен сағат 12:44-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км жерде орналасқан.

    "Жер сілкінісінің координаттары: 41.021 солтүстік ендік, 78.387 шығыс бойлық. Тереңдігі – 5 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14.0. Магнитуда MPV6.7", - делінген хабарламада.

    Жер сілкінісі сезілуінің (MSK-64 шкаласы бойынша) есептік қарқындылығы:

    Алматы – 3 балл.

    Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы – 3 балл.

    Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы 3 –балл.

    Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы – 3 балл.

    Алматы обл. Райымбек ауданы. Нарынқол ауылы – 3 балл.

    Алматы обл. Талғар ауданы Талғар қаласы – 3 балл.

    Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауданы. Көкпек ауылы – 3 балл

    Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы – 3 балл.

    Алматы обл. Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылы – 3 балл.

    Алматы обл. Қарасай ауданы Қаскелең қаласы – 3 балл.

    Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауданы Маловодное ауылы – 3 балл.

    Алматы обл. Ұйғыр ауданы Ж. Қайыпов ауылы – 3 балл.

    Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы – 3 балл.

    Алматы обл. Іле ауданы Өтеген-Батыр ауылы – 2 балл.

    Алматы обл. Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы – 2 балл.

    Алматы обл. Іле ауд. Боралдай ауылы – 2 балл.

    Алматы обл. Ұйғыр ауд. Шонжы ауылы – 2 балл.

    Алматы обл. Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы – 2 балл.

    Алматы обл. Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл.

    Алматы обл. Қонаев қаласы – 2 балл.

    Жетісу обл. Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы – 2 балл.

    Жетісу обл. Панфилов ауданы Жаркент қаласы – 2 балл.

    Жамбыл обл. Қордай ауданы Қордай ауылы –2 балл.

    Жетісу обл. Текелі қаласы – 2 балл.

    Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.