jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыдағы екі бірдей сауда орталығында "жарылғыш зат бар" деген хабарламадан соң адамдар эвакуацияланды

    Эвакуация людей
    Эвакуация. Фото: t.me/almatytoday

    Алматыда екі сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскеннен кейін адамдар эвакуацияланды. Оқиға орнын жедел қызмет өкілдері барып тексерді, деп хабарлайды Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, сауда орталығында жарылғыш зат болуы мүмкін деген анонимді хабарлама түскен.

    "Осы хабарлама бойынша алғашқы әрекет ретінде қаладағы барлық төтенше жағдай қызметі мен жедел бөлімшелері жұмылдырылды", - дейді полиция департаменті өкілдері.

    Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланып, мамандар ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізді.

    Әзірге полиция жалған ақпарат хабарлаған белгісіз адамды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, деп уәде берді полицейлер.

    "Алматы қалалық полиция департаменті қала тұрғындарын осы жағдайға түсіністікпен қарауды, құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметінің талаптарын мүлтіксіз орындауды және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нұсқаумен жүруді сұрайды. Полиция тұрғындарға жарылғыш зат туралы жалған ақпаратты хабарлау азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін және ауыр қылмыс болып саналатынын ескертеді. Жауапкершілік пен қырағылық қала қауіпсіздігінің маңызды бөлігі болып саналады", - деді департамент өкілі.

    Полицейлер Алматыдағы екі сауда орталығында (Mega Park және Mega Alma-Ata) жедел қызмет жұмыс істеп жатқанын мәлім етті.

    Эвакуация людей
    Эвакуация. Фото: t.me/almatytoday

    Алматыдағы екі бірдей сауда орталығында "жарылғыш зат бар" деген хабарламадан соң адамдар эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.