jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Екі бала жансақтау бөлімінде: Алматыда пойызда 52 адам уланып қалды

    жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Фото: KAZ.NUR.KZ

    Пойызда табиғи газдан уланып, зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

    Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы барған.

    Ведомствоның мәліметінше, барлығы 52 адам зардап шекті, оның ішінде балалар да бар. Зардап шеккендердің бәрі қажетті медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың қабылдау бөліміне жеткізілді.

    Тексеру қорытындысы бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылды, оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары түрлі бөлімдерде жатыр.

    Қалған науқастар тексеру нәтижесінде медициналық көмек алып, тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық ем алуға жіберілді.

    "Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Олардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚТЖ улану дерегі тіркелген пойыз "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға тиесілі емес екенін, жеке тасымалдаушыға қарасты екенін хабарлаған болатын. Компанияның мәліметінше, вагондар түсірілім үшін киностудияға берілген.

    Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаға қатысты әзірге түсінік берген жоқ. Оқиғаның мән-жайы белгісіз.

    Екі бала жансақтау бөлімінде: Алматыда пойызда 52 адам уланып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.