jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Алматыдағы пойызда 52 адам уланып қалды: полиция қылмыстық іс қозғады

    пойыз жолы
    Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Көліктегі полиция департаментінің өкілдері Алматыда 52 адамның улану оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ішкі істер министрлігіне қарасты Көлітегі полиция департаментінің өкілдері пойызда 52 адамның улануына қатысты тергеу барысы қалай өтіп жатқанын мәлімдеді.

    "Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық істі тіркеді.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ресми хабарламада.

    Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы пойызда 52 адамның уланып қалғанын хабарлаған болатынбыз. Оқыс оқиғадан зардап шеккендердің 10-ы - бала, 2 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

    Алматыдағы пойызда 52 адам уланып қалды: полиция қылмыстық іс қозғады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.