jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    БҚО-да көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шығып, газ-ауа қоспасы жарылды

    Оралдағы пәтердегі жарылыс
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/mgorodkz

    БҚО-да көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шығып, газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды БҚО ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, БҚО ТЖД 112 пультіне Орал қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің балкон терезесінен қатты түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімдері пәтерде жеке заттар мен жиһаздың ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтаған.

    Өртті сөндіру газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан қиындаған. Жарылыс салдарынан терезе рамасы мен балкон шынысы сынған.

    "Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, көршілердің айтуынша, аталмыш пәтерде ешкім тұрмайды.

    Құтқарушылар жүргізген дер кезінде эвакуацияның арқасында үй тұрғындары ауыр зардаптардан аман қалды", - делінген хабарламада.

    Өрт толықтай 10 м² аумақта сөндірілген.

    Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 23 қызметкер және 6 техника жұмылдырылған.

    БҚО-да көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шығып, газ-ауа қоспасы жарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.