jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін көпір опырылып түсті (видео)

    Түркістан облысында құлаған көпір
    Түркістан облысында құлаған көпір. Видеодан скриншот: instagram.com/keles_aydany

    Түркістан облысында автомобиль көпірі құлады, қазіргі таңда құтқарушылар мен полиция жұмыс істеп жатыр. Көпір тірек бағаналарының түбінің шайылуы салдарынан құлағаны хабарланып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Келес ауданы әкімдігінің хабарлауынша, Қошқарата ауылдық округіне қарасты Қошқарата елді мекені аумағында Келес өзені арқылы өтетін көпірде жарық пайда болғаны анықталған. Аталған көпір облыстық маңызы бар КХ-20 автожолының бойында орналасқан.

    Әкімдік Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев оқиға орнына барып, көпірдің жағдайымен танысқанын хабарлады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көпір арқылы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған.

    "Алдын ала мәліметке сәйкес, көпірдің ұзақ жылдар пайдаланылуы және тірек бағаналарының түбінің шайылуы салдарынан қауіп туындаған. Қазіргі таңда көпір Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгерімінде.

    Көлік қозғалысы үшін Алпамыс және Біртілек ауылдық округтері арқылы 10-15 шақырымды құрайтын айналма жолдар ұйымдастырылды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылған.

    Жағдай тұрақты, тиісті мамандар көпірдің техникалық жағдайын тексеріп, қорытындысын ұсынатын болады", - делінген әкімдік хабарламасында.

    Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін көпір опырылып түсті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.