"Қорғаныс министрлігінің мүлкі тиелген вагондар рельстен шығып кетті" деген ақпаратқа қатысты ведомство түсінік берді
Опубликовано:
Читать на русском
Жамбыл облысында Қорғаныс министрлігінің мүлкі тиелген пойыздың екі вагоны рельстен шығып кетті деген ақпарат тарады. Бұған қатысты ведомство өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram желісіндегі "Письма президенту" арнасында "20 желтоқсанда Жамбыл облысында вагондарды рельстерден ажыратып жатқанда, үш жүк вагоны бірімен-бірі бүйірімен соқтығысты. Салдарынан үш вагон да рельстен шығып кетіп, бір жағына қарай құлады" деген ақпарат жарияланды. Екі вагонда Қорғаныс министрлігінің әскери техникасы болған-мыс делінген жазбада.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың 20 желтоқсанында Жамбыл облысындағы Түрксіб станциясында маневрлік жұмыстар кезінде пойыз рельстен шығып кетті.
"Вагондарда тылға қажетті мүлік болған. Құрамда әскери техника, қару-жарақ немесе оқ-дәрі болған жоқ. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Комиссия тексеру нәтижелері бойынша материалдық шығынды анықтайды", - деп түсіндірді министрлік өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз